Федоров ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассалары) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттарын бекіту туралы

Федоров ауданы әкімінің «Федоров ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассалары) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары туралы» шешіміне түсіндірме жазба

 

р/р

№

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің

тізбесі

Ескерту

1

Әзірлеуші мемлекеттік органныңатауы

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына, «Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының» 26-тармағына сәйкес, Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 539 бекітілген шешіміне сәйкес

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Талап етілмейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

 

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Федоров ауданының ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршрутының мал айдау трассасы шекараларының сызбасын анықтауға мүмкіндік береді

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

-

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Жобаны қабылдау онымен басқа нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіруді талап етпейді

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 10 мамырда орналастырылды

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Баспасөз-релиз 2024 жылғы 10 мамырда Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Талап етілмейді

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі басшысы                                                     А. Уразбаев

 

Федоров ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын (мал айдау трассалары) тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттарын бекіту туралы
Дата публикации
13 мая 2024