«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

 жөніндегі қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер:

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ. Заңды мекенжайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы,                Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.                                                 Е-маil: gu_onucx_fed@mail.kz. Телефоны (факс): 8 (71442)21-8-66.

Бөлім басшысы – Уразбаев Адылбек Рахимович.

     2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

     2023 жылы бөліммен 2106 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тікелей мемлекеттік органның өзінде – 2036 қызмет көрсетілді, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 96,6%  және 2022 жылғы деңгейге 157,4%  құрайды. Электрондық түрде электрондық үкімет порталы арқылы  2036 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 1.

       «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 3.

      1 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, 3 мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      3) «Тракторлар мен олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу» неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады - 1425 мемлекеттік қызмет және «Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру» - 451 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

                  

  1. Қызмет алушылармен жұмыс;

    1)Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында және «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ стендінде, сондай-ақ осы мәліметтер ақпараттық стендте орналастырылған.

    2) Федоров ауданы әкімінің аппаратында әр тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған семинарлар өткізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

    1) «Федоров ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері болып табылады:

     -  көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу немесе оларды электрондық нысанға ауыстыру үшін ұсынылатын қағаз құжаттардың саны айтарлықтай қысқарды немесе олар электрондық нысанға ауыстырылды;

     - көрсетілетін қызметті алушылардың лауазымды тұлғалармен өзара іс-әрекеті «бір терезе» қағидаты бойынша;

     2) Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы бойынша  «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

    1)  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    2) Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады.

    3) 2023 жылғы 12 шілдеде ішкі бақылау жүргізілді, өтініштерді уақытылы тіркемеу бойынша бұзушылық анықталды.

    4) 2023 жылғы 15 мамырда бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру:

     - Мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

     - Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу;

     - Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарына қызметкерлерді жіберуді қамтамасыз ету;

     - Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

      - Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу.

      - «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі»  жоспар бойынша 97 %  , ал«Халыққа қызмет көрсету орталықтары»  арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі» жоспар бойынша  3 %  нысаналы индикаторларының орындалуын қамтамасыз ету.

 

 

«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
30 апреля 2024