Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 397 «Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Әкімдіктің

2020 жылғы «___» __________ № ___

қаулысына қосымша

 

ЖОБА

 

Федоров аудандық мәслихатының

2020 жылғы «___» __________ № ___

ШЕШІМІ

 

Федоров ауылы

 

Мәслихаттың 2020 жылғы                   9 қаңтардағы № 397 «Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық                          мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 397 шешіміне (2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8882 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  6281265,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 1116719,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 39094,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 56222,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша –  5069230,5 мың теңге;

2) шығындар – 6895017,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 481416,2 мың тенге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 507700,2 мың тенге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 26284,0 мың тенге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 26838,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 26838,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 1122006,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    1122006,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 397 «Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 сентября 2020