Федоров ауданының 2024 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2024  жылғы  қаңтар-наурыз айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  944,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  4,8 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  548,5  млн. теңге жоспар бойынша,  798,9 млн. теңге сомасына немесе 145,7 % атқарылды, жоспардан тыс  250,4 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  605,9 млн. теңге жоспар бойынша,  605,9 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2024 жылғы 1  сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 113,2 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  1286,3  млн. теңгені құрайды, бұл      2023 жыл деңгейінен  493,1 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0,2  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 112,4 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2659,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылғы деңгейден               955,0 млн. теңгеге төмен. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  874,5 тонна немесе 2023 жылдың  деңгейіне 95,9 %, сүт  7312,0  тонна немесе 129 %, жұмыртқа 268,8 мың дана немесе 107,1  %  өндірілді.

2024 жылғы 1  сәуірдегі жағдай бойынша ІҚМ саны 1916 басқа көбейді және 25,3 мың басты немесе 2023 жылдың  деңгейіне 108,2 %, оның ішінде сиыр басы 1093 басқа көбейді және 2023 жылдың деңгейіне 110,9 % құрайды. Жылқы басы 2,3 % азайды және 4,7 мың басты құрайды, шошқа басы 2423 басқа немесе 38,6 % көбейді  және 8,7 мың басты құрайды.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 367,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен  38,2 млн. теңгеге көбірек. НКИ 114,6  %  құрайды.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  1047,4  млн. теңгені құрайды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен  88,0 млн. теңгеге көбірек. НКИ 102,6  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі          47 %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 0,8 % құрайды. Ауданға 882,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2023 жылдан  932,0 млн. теңгеге кем (2023 жылы-1814,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 290 млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  64 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 484,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 44,0 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 239,0 шаршы метрді құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 1428,0 шаршы метрге кем.   НКИ 14,3 % құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  286 млн. теңгені құрайды, бұл  2023 жылдан  68 млн. теңгеге көбірек. НКИ 124,2 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың                   қаңтар-желтоқсан аралығында орташа айлық жалақы 224669 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35070 теңгеге немесе 18,5 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2024 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
18 апреля 2024