«Федоров ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

«Федоров ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі

басшысының 2022 жылғы

4 мамырдағы № 32 бұйрығына

1-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

«Федоров ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің

ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімі туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Федоров ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  4. Бөлім:

1) бөлім басшысынан;

2) бас маманнан тұрады

3) бас маманнан тұрады.

4) бас маманнан тұрады

 

2-тарау. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

2) бөлімнің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) референдумдарды дайындау мен өткізуді, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

4) «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алқабиге кандидаттардың тізімдерін қалыптастыру бойынша жұмыс.

  1. Құқықтары мен міндеттері

1) әкімдік бөлімдерінен және қала әкімі аппаратынан қажетті ақпарат алуға, сондай-ақ оларға бөлім қызметіне байланысты мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның орындауға міндетті тапсырмаларын беру;

2) бөлім құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуына тексерулер жүргізу, анықталған бұзушылықтар мен оларды орындамау жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау;

3) қала әкімі аппаратының және әкімдік бөлімдерінің қызметкерлерін бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатыстыру (қалалық актив кеңестерін, әкімдік отырыстарын, қала әкімінің жанындағы кеңестерді және т. б. дайындау);

4) бөлім қызметіне байланысты жұмыстарды жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

5) қала әкімі аппаратының ақпараттық және материалдық-техникалық құралдарын қызметтік мақсатта пайдалану;

6) бөлімнің құзыретіне жататын міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар кіреді.

7) бөлім қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін орындау;

8) Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға міндетті.

 

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

2) мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты талап ету;

3) құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалар үшін жоғары тұрған органдарға ақпарат ұсыну мерзімдері туралы ескертулер дайындау және олардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі тапсырмаларының, мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның тапсырмаларының орындалуын бақылау бойынша мониторинг және талдау;

5) қала әкімі аппараты мен әкімдігінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу;

6) қала активтерінің жиналыстарын, қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімі мен аппарат басшысының кеңестерін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

7) қала әкімінің халыққа есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін жинақтау, сондай-ақ тиісті іс-шараларды әзірлеу және олардың іске асырылуын бақылау;

8) әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, аппарат басшысының бұйрықтарын, бөлімнің қарамағындағы мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындау;

9) сайлаушылардың электрондық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу;

10) сайлау учаскелері бөлінісінде сайлаушылардың тізімдерін жасау, оларды нақтылау және өзгерістер енгізу;

11) Қостанай қаласы әкімдігінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы нормативтік құқықтық актісінің өзектілігін қамтамасыз ету;

12) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін сайлау материалдарын беруді қамтамасыз ету;

13) алқабиге кандидаттардың бастапқы тізімдерін жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жүзеге асыру;

14) бөлім қызметінің ерекшелігін ескере отырып, өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

3-тарау. Бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның бөлімінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
«Федоров ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже
Дата публикации
16 апреля 2024