Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1
- 6" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), тақырыбына өзгерту енгізілді, бүкiл
мәтiн бойынша "әскери комиссариаттардың", "әскери комиссариаттарға", "әскери
комиссариаттың", "әскери комиссардың" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi әскери
басқару органдарының", "жергiлiктi әскери басқару органдарына", "жергiлiктi әскери
басқару органдарының", "жергiлiктi әскери басқару органы басшысының" деген
сөздермен, "жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында", "жұмылдыру кезеңi мен соғыс
уақытына", "жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында" деген сөздер тиiсiнше "
жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында", "жұмылдыру, соғыс
жағдайы бойынша және соғыс уақытында" деген сөздермен ауыстырылды - 2006.07.07.
№ 183 Заңдарымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 334-IV Заңымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын
орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық
маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін,
тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
2) әскери міндеттілерді бекітіп қою – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және
соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын
қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту;
3) әскери-экономикалық оқулар – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс
уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды,
әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны;
4) жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын,
Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен
экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара
жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк
іс-шаралар кешенi;
5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау – Қазақстан Республикасының жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар
мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау;
6) жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында
мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк
органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде
көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган – жұмылдыру дайындығы
мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган;
8) жұмылдыру қуаттары – жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған
өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де
құжаттама;
9) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып
табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру
тапсырысын орындауға, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше
жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды
қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi шектеулi
номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы
құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
10) жұмылдыру тапсырмасы – мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн
тапсырма;
11) жұмылдыру тапсырысы – ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде
және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар
орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы
құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс;
12) командалық-штабтық оқулар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің
басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс
уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны;
13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасы
қорғаныс жоспарының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды,
арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске
асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын,
ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырмаларын
немесе жұмылдыру тапсырыстарын, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі өзге
де iс-шараларды орындау арқылы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс
уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған құрамдас бөлігі;
14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырмасын
орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін,
тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті
кезеңге арналған жоспары – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс
уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін
қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар;
16) уақытша қайта тиеу ауданы – әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен
екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi;
17) ұйымның жұмылдыру жоспары – жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін
ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін
айқындайтын құжаттар жиынтығы.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 367-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-
VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру
саласындағы заңнамасы
Ескерту. 2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 25.05.2020 Заңымен№ 332-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 334-IV; 25.05.2020 № 332-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың негiзгi принциптерi мыналар болып
табылады:
1) жұмылдыру дайындығын өткiзудiң мiндеттiлiгi;
2) жоспарланатын шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге орталықтандырылған
басшылық ету;
3) белгiленетiн шаралардың алдын ала жүргiзiлуi, жоспарлылығы және қамтамасыз
етiлуi;
4) салалық және аумақтық шаралардың кешендiлiгi және өзара үйлестiрiлгендiгi;
5) шараларды ұйымдастыру мен өткiзуді ұдайы бақылап отыру.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 183
Заңымен.
4-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шаралардың мазмұны
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi шараларға мыналар кiредi:
1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердi әзiрлеу мен қабылдау;
2) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында Қазақстан
Республикасының аумағын, экономикасын дайындау және мемлекеттiк органдардың,
ұйымдардың жұмыс жағдайларын белгiлеу;
3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс
жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды
әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;
5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою;
6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктердiң, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;
7) қару-жарақ пен әскери техниканың бұйымдарына, аса маңызды азаматтық
өнiмдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлiлiгi жоғары
объектiлерге, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерi мен ұлттық игiлiк болып
табылатын объектiлерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау
және сақтау;
8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне,
басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына,
сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған
арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;
9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;
10) жұмылдыру резервінiң материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау,
сақтау және жаңарту;
11) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалау;
12) жұмылдыру органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;
13) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк жағынан
қамтамасыз ету;
14) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына
көшiру;
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi
жүргiзу;
16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да
әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса
алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;
17) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мiндеттерiн шешу мүдделерiнде
халықаралық ынтымақтастық жасау;
18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
21) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүргiзу;
22) жұмылдыру iс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.07.15 N 334-IV,
2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен