Федоров аудандық сайлау комиссиясының Федоров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 3 наурызда Федоров сайлау округі бойынша Федоров ауданының Федоров ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының                              9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының  Федоров ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындылады.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6 245 азамат енгізілді, олардың 3 635 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 18, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында – 19.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Бакитжанов Б.А. – 2 934; Джумаев А.С. – 352; Куанышкалиев Д.Г. – 312.

Федоров ауылдық округінің әкімі болып Бакитжанов Болат Арманович сайланды, 1991 жылы туған, "Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы, Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

                                               Федоров аудандық сайлау комиссиясы

 

Федоров аудандық сайлау комиссиясының Федоров ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Дата публикации
04 марта 2024