Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Федоров ауданы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысына, Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы №33 қаулысына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

               1.Қоса беріліп отырған  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Федоров ауданы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.

               2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

               3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Федоров ауданы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
27 августа 2020