2023 жылғы Қостанай облысы әкімдігі ақпараттаңдыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» қоммуналдық мемлекеттік мекемесі «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» филиалының "Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметін бойынша жұмысы туралы ақпарат
Мемлекеттік мұрағаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін көрсету болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі («Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінішпен жүгінеді.
Инновациялық технологиялардың қарқынды дамуына және олардың кеңінен енгізілуіне байланысты қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің көпшілігін мемлекеттік органдар «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі іс-қимылды бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдауы негіз болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 11 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық/қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі архивтық анықтама, архивтық құжаттың көшірмесі және архивтық үзінді көшірме қағаз жеткізгіште не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2023 жыл ішінде Федоров аудандық мемлекеттік архивы 1399 көрсетілетін қызметті алушыға «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін көрсетті, 2022 жылы салыстыру үшін - 1231, оның ішінде баламалы негізде – 561, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 40,1% құрайды. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны 0 (0%); «Электрондық үкіметтің» веб-порталы – 838, бұл 59,8 %.
1399 өтініштің ішінде жеке тұлғаларға 879 қызмет көрсетілді, бұл 62,8 % , заңды тұлғаларға - 520 (37,1 %). Мемлекеттік қызметке жүгінгендердің 1215 - сы (86.8%) оң жауап алды, 74 (5,2 %) көрсетілетін қызметті алушыларға теріс жауап берілді, сақтауда жоқ екендігі туралы жауаптар-өтініштердің жалпы санынан - 98 (7,1 %), тиістілігі бойынша жауаптар 12 сұрау салуға берілді және пайызбен бұл көрсеткіш 0,8 % - ға тең.
Келіп түскен сұраулардың көпшілігі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қызмет етеді және мыналарды растаумен байланысты: еңбек өтілі, жалақы мөлшері, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, ұйымдардың атауларын өзгерту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет отбасы құрамы, білімі, наградалары, нотариаттық іс-қимылдары және т. б. туралы сұрау салулар бойынша көрсетіледі.
Есепті жылы «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзушылықтар анықталған жоқ. Архив басшысы «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайынғы мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
Халықты ақпараттандыру, электрондық қызметтер көрсету үлесін арттыру мақсатында 2023 жыл ішінде өңір тұрғындары үшін «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері келесі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді:
- 2 семинар-кеңес ХҚКО қызметкерлерімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша;
- 1 дөңгелек үстел отырысы «Аманат» партиясының төрағасы А.Резниктің қатысуымен «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша;
- 3 акция, www.egov.kz сайтта тіркеліп, мемлекеттік қызметті алу туралы;
- 4 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде, Мемлекеттік корпорация арқылы және жеке өзі жүгінген кезде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіре отырып,
- 3 тікелей эфир мемлекеттік қызмет көрсетілетін «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» сурақтар бойынша,
- 4 өндірістік оқу сабақтары «БЭАҚ» АЖ жұмысымен, «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулықтарын, қағидаларын зерделеу, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау,
- 1 ақпарат Өткізілген іс-шаралар туралы ведомстволық Интернет-ресурста орналастырылған.
- 15 ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған.
Мұрағатта мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің қолжетімділігіне халықтың қанағаттанушылығын арттыру үшін портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім беру және алу үшін өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді еgov.kz. сондай - ақ, "өтімнің берушісінің бұрысы-өтініш берушінің бұрышы" стендінде ЭЦҚ алу, «Архивтық анықтамалар, архивтық құжаттардың көшірмелері немесе архивтық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін алу нұсқаулықтары орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толығырақ ақпарат Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ведомстволық Интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Федоров аудандық мемлекеттік архиві» филиалына мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Федоров ауылы, Абай көшесі, 8 үй. Телефон: 8-71442-22147.