Қостанай облысы Федоров ауданының
Федоров ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну
қорытындысы туралы
2024 жылғы 6 ақпанында сағат 18.00-де Федоров ауданының Федоров ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Аудан бойынша сайлау округінде үш кандидат ұсынылды, үшеуі де – «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024 жылғы 11 ақпанда сағат 18.00-де аяқталады.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы