Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

 

      Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  7595,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  4446,6 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  2570,5  млн. теңге жоспар бойынша,  2695,9  млн. теңге сомасына немесе 104,9% атқарылды, жоспардан тыс  125,4 млн. теңге түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  7774,7 млн. теңге жоспар бойынша,  7760,0 млн. теңгеге немесе  99,8 %  атқарылды. Орындалмау 14,7 млн. теңгені құрады.   

2023 жылға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 131,9 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  3655,9 млн. теңгені құрайды, бұл      2022 жыл деңгейінен 344,4 млн. теңгеге артық. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 99,6 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 56087,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы деңгейден               12646,5 млн. теңгеге төмен. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  5399,4  тонна немесе 2022 жылдың  деңгейіне 106,9 %, сүт  40774,4  тонна немесе 118,3 %, жұмыртқа 12341,2 мың дана немесе 100,1  %  өндірілді.

2024 жылғы 1  ақаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ саны 2998 басқа көбейді және 2998 мың басты немесе 2022 жылдың  деңгейіне 111,0 %, оның ішінде сиыр басы 1855 басқа көбейді және 2022 жылдың деңгейіне 114,8 % құрайды. Жылқы басы 3,8 % азайды және 4,6 мың басты құрайды, шошқа басы 376  басқа немесе 3,4 %  азайды  және 10,8 мың басты құрайды.

2023 жылдың желтоқсан айына көтерме тауар айналымының көлемі 2840,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдан 339,9  млн. теңгеге көбірек. НКИ 107,8  %  құрайды.

2023 жылғы бөлшектік тауар айналымының қөлемі  4959,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдан  795,4 млн. теңгеге көбірек. НКИ 105,3  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі              80 %  құрайды. 

      Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,8 % құрайды. Ауданға 9920,0  млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2022 жылдан  2112,1  млн. теңгеге азырақ (2022 жылы-12032,1  млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 518,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен  2851,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 4618,0  млн. теңге, банктің кредиттері және басқа да қарыз қаражаты есебінен 1933,0 млн. теңге салынды.

      Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

       2024 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үйлерді пайдалануға беру 4425  шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 866 шаршы метрге артық. НКИ 124,3 % құрады.

       2023 жылы құрылыс жұмыстары 7616,0 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 3511,0 млн.теңгеге артық. НКИ 179,8 % құрады.

      Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2023 жылғы                            қаңтар-қыркүйектегі орташа айлық жалақы 224186 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34177 теңгеге немесе 18 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
31 января 2024