2024 жылғы 29 қаңтарда № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуды, жолын кесуді талқылау бойынша семинар өткізілді.
«Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысының м.а. В.В. Бодопрост қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылады.