Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                            ЖОБА

 

 

 

Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88

«Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық

 бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

            Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7113054,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2573239,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 60036,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша –20478,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 3784629,0 мың теңге;

2) шығындар – 4459301,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 70277,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 116298,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 46021,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 31500,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 31500,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 94174,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   94174,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және                  3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 88 «Федоров ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
25 января 2024