«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2023 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2023 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

1.  «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлауды басқару, бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, коммуналдық меншік объектілерін басқару саласында жетекшілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларына, Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне, Федоров ауданы әкімдігінің қаулыларына, Федоров ауданы әкімінің шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында есеп шоты бар.

4. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Экономика және қаржы бөлімі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдерді Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрығымен ресімдеп, белгіленген тәртіпте қабылдайды.

7. Экономика және қаржы бөлімінің құрылымы және штат санының лимиті аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы,  Красноармейский көшесі, 53-үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Экономика және қаржы бөліміне экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

1

Баспана Маркет Отбасы Банкі жылжымайтын мүлік порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

1

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

1 – тегін;

0 – ақылы;

0 – ақылы/тегін

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

1 – электрондық;

 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

1 – стандарттар;

 

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

  2023 жылдың 12 айы ішінде бөлім 38 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардан 33-і оң шешімін тапты және 5-нен дәлелді бас тартылды.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

  Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сілтемелер, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Федоров ауданы әкімдігінің қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарының байланыс телефондары орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады.

    Бөлімде нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөнінде ақпараттық-анықтамалық материалдар орналасқан стенд ресімделген, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лауазымды тұлға белгіленді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құзыретіне кірмейді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

  Экономика және қаржы бөлімімен 2023 жылы ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету» мақаласы 2023 жылғы 05 шілдедегі № 27                       «Федоровские новости» газетінде орналастырылды. Газеттің таралымы 2600 дана.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

  Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасынан оң көрініс табады. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы оңайлатылады, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мерзімдері және әкімшілік кедергілер қысқартылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

  Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық білім беру сабақтары жүргізіледі. Оларда өзекті тақырыптар қарастырылады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының шоғырландырылған жүйесімен жұмыс жасау жөніндегі семинарларға қатысады.

  Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыруды «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қостанай облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспар-кестесі негізінде жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

  Есептік кезеңде Бөлімге көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар келіп түспеді және қарастырылмады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

  2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс шараларының бекітілген жоспарына сәйкес, Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі бөлімде Мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша ішкі бақылау тексерісін жүргізді.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

  2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілмеді.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

 Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарында және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеді.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

  Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары - оларды автоматтандыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып, оларды Отбасы Банкі порталының электрондық платформасына ауыстыру болып табылады.

 

«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2023 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Дата публикации
22 января 2024