«Федоров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 72 «Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихаты шешімінің жобасына
баспасөз-релизі
«Федоров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 72 «Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихаты шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м. а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аталған шешімнің жобасын қабылдау мақсаты - туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекіту болып табылады.
Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https:// https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14893578, талқылау мерзімі 2024 ж. 15.01. - 2024 ж.29.01.
Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында
Шешім жобасын қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.