«Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне «қауымдық сервитут белгілеу туралы» Костряков ауылдық округі әкімінің шешім жобасына Пресс-релиз

«Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут)  құқығын белгілеу туралы» Костряков ауылдық округі  әкімінің шешім жобасы Қазақстан Республикасының                       2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының                          1-1) тармақшасына, 69-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына  сәйкес әзірленген.

Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық желісін пайдалану үшін  Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Костряков ауылы аумағында орналасқан жер учаскесіне қауымдық сервитут  құқығын белгілеу болып табылады.

Шешім жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

«Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне «қауымдық сервитут белгілеу туралы» Костряков ауылдық округі әкімінің шешім жобасына Пресс-релиз
Дата публикации
17 августа 2020