Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің    19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына сәйкес Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің  әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Костряков ауылының аумағында орналасқан, жалпы алаңы 0,0380 гектар жер учаскесіне инженерлік желісі және су құбыры желілерін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Костряков ауылдық округінің әкімі                                               А. Куантаев

Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
17 августа 2020