Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының                           2) тамақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Костряков ауылының аумағында орналасқан, жалпы алаңы 0,0224 гектар жер учаскесіне жылу желілерінің инженерлік желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1)   осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Костряков ауылдық округінің әкімі                                               А. Куантаев

Об установлении публичного сервитута
Дата публикации
17 августа 2020