ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Мәслихаттың 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 464 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9439 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында «және пикеттеу» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында 2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) іргелес аумақ - стратегиялық маңызы бар аумақтардан, объектілерден және учаскелерден кемінде 800 метр қашықтықтағы, сондай-ақ ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың, құрылыс алаңының шекараларына, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі, иеленуіндегі, жалдауындағы, балансындағы өзге де объектілерге тікелей іргелес жатқан аумақ».
Лауазымы Аты-жөні