Шағын және орта бизнес субъектілерінің назарына!
«Еңбек» ШЖҚ РМК «Еңбек-Қостанай» филиалы Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «№ 38 мекемесі» РММ-мен бірлесіп шағын және орта бизнес субъектілерін мекеменің өнеркәсіптік аймағының аумағында өндірістерді ашуға шақырады.
Артықшылықтары:
Шарттар Қызмет түріне және шағын және орта бизнес субъектісінің мүдделілігіне (жалдау, сондай-ақ сенімгерлік басқару шарттары) байланысты жасалады.
Жалдау ақысын «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» ММ м2 үшін 500-1000 теңгеден бастап жалға берілетін үй-жайлардың техникалық сипаттамаларына байланысты жеке белгілейді.
Коммуналдық қызметтердің тарифтері бойынша төлем (электр энергиясы 1 кВт үшін 19,04-тен, су 1 м3 үшін 209,29-дан және т.б.) нақты жұмсалған коммуналдық қызметтерге байланысты есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
Осыған байланысты қылмыстық-атқару жүйесі кәсіпорындарының бос алаңдарында өз өндірісімізді ашуды ұсынамыз.
№ 4 учаске бойынша «Еңбек-Қостанай» ШЖҚ РМК балансында
есептелетін бос өндірістік алаңдардың саны туралы ақпарат
|
№ п/п |
Филиалдың атауы |
Бос алаң |
Еңбекке қабілетті адамдардың саны |
|
1. |
№4 учаске бойынша "Еңбек-Қостанай" филиалы (Қостанай қ.) |
100 – 2000 кв. м |
870 |
Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша:
- «Еңбек-Қостанай» РМК филиалына телефон бойынша: 8(7142)53-76-04, 8(7142)53-76-17;
- ҚР СІМ ҚАЖК «№ 38 мекемесі» РММ-нің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөліміне телефон бойынша: 8(7142)74-36-22 хабарласуыңызды сұраймыз.