"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 11 желтоқсанда Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева мемлекеттік мекемелердің басшыларымен кеңес өткізді. Сөз сөйлеу барысында А. Умуртаева қызметтен тыс уақытта, қызметтік қатынастарда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ басшылардың назарын жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдалануға жол бермеуге аударды.