ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 10 желтоқсанда Камышин сайлау округі бойынша Федоров ауданының Камышин ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының Камышин ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындылады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 818 азамат енгізілді, олардың 517 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 0, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында– 7.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Бексултанов Б.Ж. – 419; Куанышкалиев Д.Г. – 41; Умертаев Б.А. – 50.
Камышин ауылдық округінің әкімі болып Бексултанов Болан Жуматаевич сайланды, 1989 жылы туған, Камышин ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Чистый Чандак ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы