«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".
"Ұлттық қор – балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсаты қандай?
"Ұлттық қор-балаларға" жобасы қашан және қалай жүзеге асырылады?
Баланың бағдарламаға қатысуы үшін не істеу керек?
Балалар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алады?
Жыл сайынғы түсімдердің сомасы қалай есептеледі?
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баласының төлемдерін қайда және қалай бақылай алады?
Алғашқы қаражат балалардың шоттарына қашан түседі?
– осы және басқа да сұрақтарға БЖЗҚ қызметкерлері жауап беріп, қатысушыларға "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсаты және оны қолжетімді әрі түсінікті түрде іске асыру тетігі туралы айтып береді.
Ашық есік күні 2023 жылдың 29 қарашада орыс тілінде сағат 10:00 (Zoom), 12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат 14:00 (Zoom) онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және Ашық есік күніне қатысуға барлық ниет білдірушілерді күтуде!