Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн

айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23591 болып тіркелді) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілісін:

         көрсетілген қаулыға қосымшада:

         2-тармақ жаңа редақцияда жазылысын:

  • аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
  • психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар балаларды және мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
  • қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.».
  1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Федоров ауданының әкімі

 

                  Т. Исабаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              

 

 

 

 

 

Федоров ауданы әкiмдігінің

2021 жылғы «__» ________

№ ___ қаулысына қосымша

 

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық

жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,

білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы 

мамандар лауазымдарының тізбесі

 

  1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімше басшысы, параклиникалық бөлімшенің (зертхананың) меңгерушісі;

3) мейіргер;

4) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

6) медициналық тіркеуші;

7) зертханашы (медициналық);

8) нұсқаушы-дезинфектор;

9) тіс дәрігері (дантист);

10) әлеуметтік қызметкер;

11) психолог маман;

12) провизор (фармацевт);

13) диеталық мейіргер;

14) рентген зертханашысы;

15) тіс технигі;

16) акушер;

17) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

18) фельдшер;

19) логопед;

20) кеңейтілген практика мейірбике/мейіргері.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

3) мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар жасы      18-ден асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

5) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

  1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

4) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;

5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

7) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

8) музыкалық жетекші;

9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

10) кітапханашы;

11) барлық атаудағы әртістері;

12) кітапхана меңгерушісі;

13) концертмейстр;

14) дыбыс режиссері;

15) аккомпаниатор;

16) хормейстер;

17) библиограф;

18) хореограф;

19) режиссер;

20) дирижер.

  1. Спорт мамандарының лауазымдары:

1) әдіскер.

Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
28 ноября 2023