Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2)тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленген.
Аталған қаулы жобасын қабылдау мақсаты – азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14817352 орналастырылған.