Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының хабарламасы

Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары       2023 жылғы  10 желтоқсанда сағат 7.00-ден – 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінің үй-жайларында мына мекенжайлар  бойынша өткізілетін Камышин ауылдық округі әкімінің сайлауына дауыс беруге қатысуға шақырады:

№ 832 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Мирное ауылы, Школьная көшесі, 14, мектеп ғимараты, тел. 33673

№ 836 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Чистый Чандак ауылы, Пионерская көшесі, 3, клуб ғимараты, тел. 33837

№ 837 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Алабутала ауылы, Центральная көшесі, 7, клуб ғимараты, тел. 32314

Естеріңізге сала кетейік, өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттар: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін әскери билет болып табылады.

2023 жылғы 25 қарашадан бастап сайлаушылар тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін ұсынылатын болады, Сіздерден өзіңіз туралы мәліметтерді тексеруді сұраймыз.

 

Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының хабарламасы
Дата публикации
24 ноября 2023