«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында, 2023 жылғы 15 қарашада Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева Федоров ауданының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Мақсаты-қызметтік әдепті бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын қолдану мәселелері бойынша кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымда оң моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Сөз сөйлеу барысында А. С. Умуртаева мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтың жалпы стандарттарына толық тоқталды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға, сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметшілерді қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға, заңмен бекітілген шектеулерді қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға баса назар аударды.