2023 жылғы 5 қарашада өткен Қостанай облысы
Федоров ауданының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 15885 азамат енгізілді. Дауыс беруге -10785 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 142 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3
Федоров ауданы әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Асқаров Д.Қ. үшін сайлаушылардың 1232 дауысы берілді,
Исабаев Т.Қ. үшін сайлаушылардың 8773 дауысы берілді,
Орынбасаров А.О. үшін сайлаушылардың 756 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9.
Сайлау қорытындыларымен Федоров ауданының әкімі болып Исабаев Тауба Қаиржанұлы сайланды, 1967 жылы туған, Федоров ауданының әкімі, Федоров ауданында тұрады.
Федоров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясы