ҚАУЛЫ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің
сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Федоров аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Федоров ауданында 2023 жылғы 10 желтоқсанға Камышин ауылдық округінің әкімі сайлау тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Федоров аудандық сайлау комиссиясының сайтында және аудандық «Федоровские новости» газетінде жариялансын.
Комиссиясының төрайымы Т. Волоткевич
Комиссиясының хатшысы О. Рубе