Мәслихаттың «Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі
Федоров аудандық мәслихатының «Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген шешімнің жобасын қабылдау мақсаты – мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23, «Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 183 шешімдер күші жойылды деп тану.
Шешім жобасын қабылдауы әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталындағы ашық НҚА тарауында орналастырылған.