Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы жоба

Жоба

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру      және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы                          Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Айқындалсын:

1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес.

  1. Мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы                       29 сәуірдегі № 23 (2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6349 болып тіркелген);

2) «Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 183 (2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7393 болып тіркелген).

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрайымы                                                             

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Дата публикации
15 июля 2020