|
Мәслихаттың шешіміне
2-қосымша
|
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1.Жалпы ережелер
- Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары (бұдан әрі – тәртіп) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыру мақсатында әзірленді.
2.Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – ауданның жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты;
3) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы – бейбіт жиналыс өткізуге бастамашы болатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыс барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
4) бейбіт жиналысқа қатысушы – бейбіт жиналысқа өз еркімен қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) жергілікті атқарушы орган – ауданның әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
6) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу күш қолданылмайтын сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қатысу еріктілігі, бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция, тараптар жауаптылығы қағиаттарына негізделеді.
- Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда (бұдан әрі – арнайы орындар) өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
- Арнайы орындар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қағидаларды, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.
- Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.
- Құқық қорғау органдары бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған барлық шараларды қабылдауы қажет.
- Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық немесе өзге де қажетті көмек беруге өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі қажет.
Сондай-ақ, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарын, өзге де мүлікті сақтау, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне бөгет жасауға жол бермеу, бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмеу мақсатында, бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде арнайы орындардың периметрі сыртқы қоршаулармен жабдықталсын.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;
2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;
3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;
4) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстарға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке күзет ұйымдарын тартуға;
5) жергілікті атқарушы органмен келіспей киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға;
6) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;
7) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;
8) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;
9) үгіттеу мен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады.
- Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілі болмаған кезде бейбіт жиналыстар өткізуге жол берілмейді. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының өкілдері ұйымдастырушы сияқты дәл сондай құқықтарды пайдаланады және дәл сондай міндеттерді атқарады.
- Бейбіт жиналыстарға қатысушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;
2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;
3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;
4) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға;
5) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;
6) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;
7) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;
8) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүруі қажет.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету қажет.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оларға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер және (немесе) прокуратура органдары қызметкерлерінің талаптарын орындау, ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу қажет.
- Журналистер (бұқаралық ақпарат құралының өкілдері) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтірмеуге, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға міндетті.
- Бір арнайы орында бір уақытта біреуден артық бейбіт жиналыс өткізілмейді. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
- Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
- Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
- Бейбіт жиналыстар жергілікті атқарушы органның талабы бойынша Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
- Жергілікті атқарушы орган өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары бейбіт жиналысты тоқтату жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды қабылдайды.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары
- Жиналыстарды, митингілерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы айқындалсын:
1) Орталық алаң, Легкодухов көшесінен кіре беріс – жиналысқа, митингіге қатысатын тұлғалардың шекті саны 80 адамнан аспайды;
2) «Paradise» дәмханасының жанындағы алаң – жиналысқа, митингіге қатысатын тұлғалардың шекті саны 30 адамнан аспайды;
Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршруттың шекті толу нормасы – 100 адамнан аспайды.
Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысушы адамдар арасындағы ең төменгі жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
Бір қатысушы жүргізетін пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы ең төменгі жол берілетін қашықтық 100 метрден кем болмайды.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
- Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде бейне және фототүсірілім жасауға, дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, Заңда көзделген жағдайларда көлік құралдарын, сондай-ақ аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға жол беріледі.
- Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық немесе өзге де қажетті көмек беруге өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі қажет.
- Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
- Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.