«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» мәслихаттың шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» мәслихаттың шешім жобасына

 

ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА

 

№

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1

Мәслихат шешімі жобасының атауы

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

2

Мемлекеттік орган - жоба әзірлеуші

«Федоров ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

3

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына

4

Жобаға қандай заң актілері, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2020 жылғы 26 мамырда «EGEMEN QAZAQSTAN», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған)

 

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

6

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономика-лық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға соқтырмайды

 

7

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

көзделмейді

8

жобада көрсетілген мәселелер бойынша құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысының визасы жоқтығының себептері

Жоқ

9

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

1. Мәслихаттың «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі №23 шешімі (2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6349 болып тіркелген)

2. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі №23 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы №183 шешімі (2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7393 болып тіркелген)

10

Заңнаманы кейіннен жобаға  сәйкес келтіру қажеттілігі

талап етілмейді

11

Өзге де мәліметтер

жоқ

 

Дата публикации
15 июля 2020