Мәслихаттың шешіміне қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сонымен қатар пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
- Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар белгіленсін:
1) орталық алаң, кіру Легкодухов көшесінен. Шекті толу нормасы 80 адамнан аспайды;
2) «Paradise» кафесінің жанындағы алаң. Шекті толу нормасы 30 адамнан аспайды.
Демонстрациялар, шерулер өткізу үшін арнайы маршрут айқындалсын.
1) орталық алаңға Легкодухов көшесінен кіру - Красноармейская көшесі- Набережная көшесі – Юнацкий көшесі – Легкодухов көшесі – орталық алаңға кіру. Шекті толу нормасы 100 адамнан аспайды.
2) Легкодухов көшесі - Ш. Уәлиханов көшесі – Кравцов көшесі - Б.Климов көшесі. Шекті толу нормасы 100 адамнан аспайды.
- Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
- Арнайы орындар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес пайдаланылады. Арнайы орындарда бейбіт жиналыстарға басқа да жоспарланған ресми, мәдени, керемет мәдени іс-шаралар, спорттық-сауықтыру, спорттық және басқа да арнайы орындарда, құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы ақпарат болмаса рұқсат етіледі.
- Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
- Бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей, мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, денсаулықты қорғауға, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған барлық шараларды қабылдауға міндетті.
- Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар өз құзыретінің шегінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға бейбіт жиналыстар өткізу кезінде медициналық (оның ішінде жедел медициналық көмек ұйымдастыруды) немесе басқа да қажетті көмек көрсетуге міндетті.
- Бейбіт жиналыстар кезінде жасыл желектер мен шағын архитектуралық нысандарды, басқа мүлікті сақтау, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмысына кедергі келтірмеу үшін, бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүруіне кедергі келтірмеу үшін қажет болған жағдайда арнайы орындардың периметрін сыртқы қоршаулармен жабдықтау.
- Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
- Арнайы орындарды қоспағанда, бір объектіде бір уақытта екі немесе одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді. Пикеттеудің ұзақтығы арнайы орындарды қоспағанда, бір мекемеде бір жерде күніне екі сағаттан аспауы тиіс.
- Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға, сағат 20:00-ден кеш аяқтауға жол берілмейді.
- Арнайы орындарда жергілікті атқарушы органның келісімінсіз киіз үйлерді, шатырларды, басқа да құрылыстарды орнатуға жол берілмейді.
- Пикет өткізуге рұқсат етілмеген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр қашықтықта шекара белгіленсін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.