«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 18 қазанда Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева Федоров ауданының мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының даму барысы қаралды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамдастық себептері бойынша үнемі жетілдіріліп отырады.

Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) іске асыру арқылы қамтамасыз етілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңмен мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделіне көшу қамтамасыз етілді, ашық конкурстық іріктеу, құзыреттілік негізінде ілгерілету тетіктері арқылы меритократия қағидаттары енгізілді. Командалық ауысулар үшін жасалатын жағдайлар азайтылып, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау жүйесі түбегейлі қайта қаралды, жұмыс нәтижелеріне байланысты еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін сынап көру жүргізілді.

«Ашық үкімет» электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды: «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық деректер», «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау», «Ашық диалог».

Бұл ресурстар азаматтардың бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуына, статистикалық ақпарат алуына және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына проблемалық мәселелермен жүгінуіне мүмкіндік береді.

 

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»
Дата публикации
18 октября 2023