2023 жылғы 18 қазанда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шаралары қарастырылды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын мүлтіксіз сақтау туралы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау; азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу туралы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу туралы.