Федоров ауданының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2023  жылғы  қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  4756,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  2836,9 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  1919,9  млн. теңге жоспар бойынша,  1929,1  млн. теңге сомасына немесе 100,5 % атқарылды, жоспардан тыс  9,1 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 5252,4 млн. теңге жоспар бойынша,  5244,5 млн. теңгеге немесе  99,8 %  атқарылды. Орындалмау 7,9 млн. теңгені құрады.  

2023 жылғы 1  қазанға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 137,7 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  2698,6  млн. теңгені құрайды, бұл      2022 жыл деңгейінен  406,1 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 84,9 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 37158,6млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы деңгейден               12828,9 млн. теңгеге төмен,оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  4126,3  тонна немесе 2022 жылдың  деңгейіне 107,2 %, сүт  33534 тонна немесе 116,3 %, жұмыртқа 8788,2 мың дана немесе 100,1  %  өндірілді.

2022 жылғы 1  қазандағы жағдай бойынша ІҚМ саны 7 басқа көбейді және 30,5 мың басты немесе 2022 жылдың  деңгейіне 100,0 %, оның ішінде сиыр басы 28 басқа көбейді және 2022 жылдың деңгейіне 100,2 % құрайды. Жылқы басы 1,3 % көбейді және 4,9 мың басты құрайды, шошқа басы 1025 басқа немесе 6,1 %  азайды  және 15,8 мың басты құрайды.

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 2249,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  205,4 млн. теңгеге көбірек. НКИ 101,1  %  құрайды.

2023 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  3320,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  438,8 млн. теңгеге көбірек. НКИ 100,4  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 96,0  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,3 % құрайды. Ауданға 7926  млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2022 жылдан  14,7 млн. теңгеге аз (2022 жылы-7940,7млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 348 млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  2613 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 3515 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 1450 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2777 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 1 шаршы метрге көбірек. НКИ 100 % құрады.

2023 жылғы 1 қазанға  құрылыс жұмыстарының көлемі  6192 млн. теңгені құрайды, бұл  2022 жылдан  3579 млн. теңгеге көбірек. НКИ 237 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2023 жылдың                   қаңтар-маусымдағы орташа айлық жалақы 220494 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36600 теңгеге немесе 19,9 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
16 октября 2023