2023 – 2025 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Ленин ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 176 шешімімен бекітілген.

 

 

2023 – 2025 жылдарға арналған Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті
Дата публикации
26 сентября 2023