ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 24 қыркүйекте Қоржынкөл сайлау округі бойынша Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындылады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 626 азамат енгізілді, олардың 408 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 4, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында– 5.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Қапсултанов Е.С. – 228; Муканов К.А. – 79; Сейткереев Р.Б. – 92.
Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі болып Қапсултанов Ермек Серикович сайланды, 1991 жылы туған, "Федоровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманының м.а., Федоров ауданының Федоров ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы