Федоров ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2023  жылғы  қаңтар-маусым айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

 Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  2417,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  1136,6 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  1281,5  млн. теңге жоспар бойынша,  1385,7 млн. теңге сомасына немесе 108,2 % атқарылды, жоспардан тыс  104,5 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  2568,0 млн. теңге жоспар бойынша,  2567,9 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2023 жылғы 1  шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 164 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  1925,2  млн. теңгені құрайды, бұл      2022 жыл деңгейінен  434,7 млн. теңгеге көбірек. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 112,6 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9752,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылғы деңгейден               2634,0 млн. теңгеге артық (2022 жылы – 7118,3 млн. теңге). Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  3100 тонна немесе 2022 жылдың  деңгейіне 108,1 %, сүт  23221,6  тонна немесе 117,1 %, жұмыртқа 3694,5 мың дана немесе 100,2  %  өндірілді.

2022 жылғы 1  шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 1661 басқа азайды және 32,1 мың басты немесе 2022 жылдың  деңгейіне 105,5 %, оның ішінде сиыр басы 305 басқа көбейді және 2022 жылдың деңгейіне 102,2 % құрайды. Жылқы басы 13,1 % көбейді және 5,5 мың басты құрайды, шошқа басы 560 басқа немесе 4,3 %  азайды  және 13,7 мың басты құрайды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 1043,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  374,7 млн. теңгеге көбірек. НКИ 139,5  %  құрайды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  2181,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен  241,2 млн. теңгеге көбірек. НКИ 96,5  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 105,3  %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,1 % құрайды. Ауданға 4501 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2022 жылдан  422 млн. теңгеге көбірек (2022 жылы-4073 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 113 млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  1511 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2003 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 874 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2207 шаршы метрді құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 38 шаршы метрге көбірек.   НКИ 101,8 % құрады.

2023 жылғы 1 шілдеге  құрылыс жұмыстарының көлемі  1682 млн. теңгені құрайды, бұл  2022 жылдан  576 млн. теңгеге көбірек. НКИ 150 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2023 жылдың                   қаңтар-маусымдағы орташа айлық жалақы 202485 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40198 теңгеге немесе 24,8 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
22 сентября 2023