2023 жылғы 15 қыркүйектеСыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Умуртаева сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізді.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі қаралды.