БЖЗҚ-дағы ашық есік күні
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ Ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар".
Әлеуметтік кодексте зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты қандай жаңалықтар қарастырылған? Бұл жағдайда қандай жаңа тәсілдер қолданылады? Бұл жаңашылдықтардың қандай артықшылықтары бар? Олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылады? – осы және өзге де сұрақтарға БЖЗҚ мамандары жауап береді. Нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сауалдарға жауап береді.
Ашық есік күні 2023 жылдың 21 қыркүйегінде орыс тілінде сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат 12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары (алушылары) мен Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірушілердің барлығын күтеді!