2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

                                                                                  

Федоров аудандық

сайлау комиссиясының

2023 жылғы 15 қыркүйек № 48 қаулысына қосымша

                                                                         

                                               

 

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

            1. Аумақтық сайлау округін құру туралы қаулы қабылдау

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 15 қыркүйек

(14б. 6-т., 21б. 4 т.)

             2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын тағайындау (бұдан әрі – әкім)

 

Пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауын өткізу күнін белгілеу туралы мәслихат шешімінің негізінде аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 15 қыркүйек

(113-1-б. 1-т. 2) т., 2-т.,

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, аумақтық сайлау округінің шекарасын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (22-б. 2-т.)

 

4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 16 қыркүйекте басталады және                       2023 жылғы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

 (4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б)

 

10. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкімдікке ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б  3-т.)

 

11. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8,9-т.)

 

12. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексерістен өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу

Аудандық сайлау комиссиясы                                          

Тіркеуге барлық құжаттар келіп түскен сәттен бастап

 (113-5-б. 4-т.)

 

13. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2023 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

14. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 қыркүйекке)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

15. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

16. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2023 жылғы 16 қыркүйекте басталады және                        2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-5-б.)

 

17. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

18. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

19. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы            4 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

20. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

21. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын - 2023 жылғы 15 қазанға дейін

 (24-б. 5-т., 26-1-б. 1-т.)

 

22. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда - 2023 жылғы 20 қазаннан бастап

 (26-б. 1-т)

 

23. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей

 (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін кемінде үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 қарашадан ерте емес және 4 қарашаға дейін.

 (37-б. 3-т.)

 

25. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 5қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

26. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат                     07.00-ден 20.00-ге дейін (егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе)

 (38-б. 1-т.)

 

27. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

          

29. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

30. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

 

31. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

( 44-б. 4-т. 3) т., 5-т.)

 

32. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т .)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
15 сентября 2023