ЖОБА
Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 64
«Федоров ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Федоров ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
5-тармақтағы «5-тармақта белгіленген мерзімдерде» деген сөздер «4-тармақта белгіленген мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын.».
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев