«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 24 қыркүйекте сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша сайлау учаскелерінің үй-жайларында өтетін Қоржынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады:
№ 818 сайлау учаскесі
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері – Лесной ауылы, Кравченко көшесі, 19, клубының ғимараты.
№ 820 сайлау учаскесі
Дауыс беруге арналған учаскенің орналасқан жері - Малороссийка, Школьный көшесі, 1, мектебінің ғимараты.
Сайлауға қатысу үшін сайлаушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаттардың бірі: жеке куәлігі, уақытша жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы қажет.