Жоба
Воронеж ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың
бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары
өкілдерінің санын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрінің2023 жылғы 23 маусымдағы№ 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкесФедоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың
2023 жылғы «__»______
№ __ шешіміне 1-қосымша
Воронеж ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары - ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Воронеж ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Бөлек жиынның төрағасы, егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3)Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген қатысушылардың саны мен тізімі;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөз сөйлеу мазмұны және қабылданған шешімдер.
Мәслихаттың
2023 жылғы «__»______
№ __ шешіміне 2-қосымша
Жергілікті қоғамдастықтың жиынында Воронеж ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны
|
№ |
Елдімекенніңатауы |
Ауылтұрғындарыөкілдерінің саны (адам) |
|
1 |
Вороненж ауылдық округінің Придорожное ауылының тұрғындары үшін |
3 |
|
2 |
Воронеж ауылдық округінің Успенов ауылының тұрғындары үшін |
2 |
|
3 |
Воронеж ауылдық округінің Лысанов ауылының тұрғындары үшін |
2 |