Камышин ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының       6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Камышин ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Камышин ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Дата публикации
29 августа 2023