«Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 79 «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Федоров ауданы әкімдігінің «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдауға байланысты өзгерістер енгізу болып табылады.
Жоба ашық нормативтік актілер порталында орналасқан https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14689395, талқылау мерзімі 2023 ж. 29.08.-2023 ж. 13.09.
Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.