ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 20 тамызда Баннов сайлау округі бойынша Федоров ауданының Баннов ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Федоров ауданының Баннов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлауды қорытындылады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 234 азамат енгізілді, олардың 914 дауыс берді. Жарамсыз бюллетень саны – 11, «Барлығына қарсымын» деген белгісі бар жолағында– 6.
Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:
Алямкина О.С. – 124; Велиева К.В. – 620; Полищук И.Г. – 153.
Баннов ауылдық округінің әкімі болып Велиева Кира Владимировна сайланды, 1989 жылы туған, Баннов ауылдық округінің әкімі, Федоров ауданының Чехов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ өңірлік филиалы ұсынды.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 20 тамызда сайланған Федоров ауданының Баннов ауылдық округінің әкімін 2023 жылғы 21 тамыздағы шешімімен тіркеді.
Федоров аудандық сайлау комиссиясы