2023 жылғы 23 тамызда қоғамдық тыңдауды
өткізу туралы хабарландыру
2023 жылғы 09 тамызда
орналастырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар негізінде, мына мәселені қарау және қоғамдық тыңдау тақырыбына енгізу үшін ұсынамыз:
1) Федоров аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2023 жылғы 5 мамырдағы № 27 «Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы.
Қоғамдық тыңдау 2023 жылғы 23 тамызда сағат 10.00-де Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53 мекенжайы бойынша өтеді.